Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі "Барселона" клубының бапкері қызметінен кетпек

Опубликовано:

2019/20-маусыма аяқталысымен Эрнесто Вальверде "Барселона" клубының бас бапкері қызметінен кетеді. Бұл туралы испан журналисі әрі тележүргізушісі Гонсало Миро айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Эрнесто Вальверде. Фото: championat.com
Эрнесто Вальверде. Фото: championat.com: Depositphotos

БАҚ өкілінің мәліметінше, Барселона" мен Вальверде маусымда келісім шартты үзеді. Шешім қабылданған.

Сондай-ақ, "Барселона" өкілдері "Аль-Садда" клубының бас бапкері Хавимен келіссөздер жүргізгені белгілі болды.

Хави 1998-2015 жылдары аралығында каталондықтар сапында өнер көрсетті, онда ол 505 ойынға қатысып, 58 гол салған. 

Ал Эрнесто Вальверде "Барселонаға" 2017 жылы келді. Оның басшылығымен клуб екі рет Испания чемпионатын, Кубокты және Суперкубокты жеңіп алған.

Еске сала кетейік бұған дейін, "Барселонаның" Испания суперкубогының финалына шыға алмағанын хабарлаған едік.

Суперкубог үшін жартылай финалда мадридтік "Атлетико" каталониялық клубты жарыс жолынан шығарған болатын.

Тартысты матч Сауд Арабиясында өтіп, ойын 3:2 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілген.

Гол авторлары: Коке, Лионель Месси, Анутан Гризманн, Альваро Мората және Анхель Корреа.

Ал финалға берілген алғашқы жолдаманы мадридтік "Реал" жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1835647-jgili-barselona-klubyny-bapkeri-kyzmetinen-ketpek/

pixel