Әлем елдерінің әнұранын жатқа білетін екінші сынып оқушысы көпшілікті таңғалдыруда
Жарияланған күні:
Қарағандылық Әрсен Тәпенов әлем елдерінің әнұранын, астанасын, туын, президенттерін жатқа біледі. Екінші сынып оқушысы, тіпті, кей елдердің тарихына қатысты тың ақпараттарды да жадына сақтап алған. Білімге құштар зерек бала бүгінде көптің назарына іліккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Екінші сынып оқушысы Әрсен Тәпенов Африканың қай мемлекетінде ең көп адам тұрады?, Орталық Африка Республикасының президенті кім?, Дональд Трамптың жасы нешеде? деген сұрақтарға мүдірмей жауап бере алады.
Ол әлемдегі барлық мемлекеттің астанасын, президенттерін жатқа біледі. Оның географиялық орналасуын да әлем картасынан көрсету ол үшін еш қиындық тудырмайды.
Зерек баланың мұндай ерекше қабілетін ең бірінші болып ата-анасы байқаған екен.
"Бірінші әлем картасын үйге әкеліп, жабыстырып қойып едік, баламыз қарап жүріп: "бұл карталарыңыз ескі" деді. Неге десек, ол: "Африкада Судан деген мемлекет бар, ал ол сіздерде бір-ақ мемлекет болып тұр. Ал қазір ол Судан және Оңтүстік Судан мемлекеті болып екіге бөлініп кеткен. Ол біріншісі, екіншісі Грузия мемлекетінің жалауы ескі" , - дейді.
Әрсен сыныптағы кенже бала болғанымен, оқуда озат, білімі жағынан қатарластарынан озық тұр. Мектеп табалдырығын енді аттаған кезде мекенжайын, ата-анасы мен туған-туыстарының туған күндерін, телефон нөмірлерін жатқа айтып, ұстаздарын таң қалдырған. Ол оқитын №102 мектептің мұғалімдері баланың есте сақтау қабілеті ерекше дейді", - деді Арсеннің анасы Аян Тельманқызы.
Екінші сынып оқушының білімге деген құштарлығын сынып жектекшісі де аңғарған. Оның сөзінше, Әрсен бір айтқанды екі еткізбей, жаңа ақпаратты бірден меңгеріп алады.
"Сабақ өте бастаған кезде дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажыратып, дауыссыз дыбыстардың үш топқа бөлінетінін, оның қатаң, ұяң, үнді екенін және оған қайсысына қанша әріп жататынын бірден, менің бір сабағымнан ұғып алып, одан кейінгі талдау жұмыстарын жасаған кезде еш мүдірмей, тапсырмаларды орындап отырды. Бұл мен секілді бірінші сыныпты қабылдап отырған мұғалім үшін ерекше жағдай деп ойлаймын", - дейді сынып жетекшісі Күлзира Ыбыраева.
Ойы ұшқыр оқушының білімге деген ынтасы зор. Ата-анасының сөзінше, ол өзге балалар секілді ойынға құмар емес, тіпті, гаджетке жуымайды екен. Ал сыйлыққа әлем картасы мен глобус алғанды жақсы көреді.
"Мен өскенде шетелдерде жүргім келеді. Астаналарына барып, тілдерін үйренгім келеді", - дейді Әрсен Тәпеновтің өзі.
Әрсеннің басты арманы әлемді шарлау. Ол тіпті, қай жылы қай мемлекетке бару қажеттігін қағазға бетіне түсіріп те қойыпты. Биылғы жоспары Корея елі. Ата-анасы оның арман-мақсатын жүзеге асыруға барымызды саламыз деп отыр.
Әрсен ол үшін ең әуелі тілді жетік білу керектігін жақсы түсінеді. Қазір ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын арнайы курсқа барып жүр екен.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда заң күшейтілген соң алғаш рет мас күйінде көлік жүргізген ер адамның ұсталғаны туралы хабарланбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835796-lem-elderini-nranyn-zatka-biletin-ekinsi-synyp-okusysy-kpsilikti-tagaldyruda/