RU

"Жұғысты болсын": Аша Матай екінші мәрте қызды болды

Рассказать Вконтакте

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев екінші мәрте ата-ана атанды. Белгілі тележүргізуші әнші күйеуіне тағы да қыз бала сыйлаған. Бұл қуанышты жаңалығымен жұлдызды ана Instagram желісінде оқырмандарымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/asha_matai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/asha_matai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қуанышы қойнына сыймаған тележүргізуші желі қолданушыларынан сүйінші сұрап, екінші рет ана атанғанын жариялады.

Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба қалдырып, онда өзіне құттықтауын жаудырып жатқан көпшілікке алғыс білдірді.

"Сүйінші! Алланың қалауымен қазақ еліне + қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуіміз тағы да ата-ана атандық. Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын. Құттықтауларыңызға алдын ала алғысымды білдіремін" , - деп жазған өнер иесі.

Айта кетерлігі, жазбасының соңында Аша Матай төрт "А" әрпінен құрылған хэштег қалдырған. Желідегілер бастапқы екі әріпті ерлі-зайыптылардың аты, ары қарай тұңғышы Асылымның есіміндегі бас әріп деп ойласа, соңғысы жаңадан дүниеген келген сәбиге қойылған атпен байланысты болу керек деп болжады.

Жұлдызды жұптың өмірін жіті бақылауында ұстайтын белсенді оқырмандар бірден оларды екінші мәрте ата-ана болуымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аша Матай декреттік демалысқа шығуына орай, өзі жүргізген бағдарлама тізгінін тастаған болатын.

Ол көрермендермен қоштасып, алдағы уақытта көгілдір экраннан көрінбейтінін жеткізді. Алайда, тележұлдыз қызметіне міндетті түрде оралатынына уәде берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жұғысты болсын": Аша Матай екінші мәрте қызды болды
Mailfire view pixel