Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кездескенше": Аша Матай "Қалауым Live" көрермендерімен қоштасты (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай "Қалауым Live" бағдарламасының көрермендерімен уақытша қоштасты. Өнер иесі енді біраз уақыт бойы көгілдір экраннан бой көрсетпейді. Ай-күні жақындап қалған аяғы ауыр тележұлдыз декреттік демалысына шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/asha_matai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/asha_matai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Екінші сәбиін күтіп жүрген Аша Матай бірнеше жыл бойы өзі жүргізіп келе жатқан жобаның көрермендері, қатысушылары мен түсірілім тобымен ерекше қоштасты.

Белгілі тележүргізуші бағдарлама кезінде есте қаларлық әсер қалдырған сәттерден видео үзінді жасап, Instagram парақшасында жариялаған.

Өнер иесі "Қалауым Live" шоуымен қоштаспайтынын айтып, болашақта қайтып оралатынын айтқан.

"Қимастық сезімі. Ыстық көрерменімді қимаймын, жобаны, сүйікті қатысушыларымды. Дегенмен, уақытша демалысқа шығатын кез келіп жетті. Осы төрт ай көлемінде естен кетпес талай оқиғалар мен сәттер орын алды. Бірге жылап, бірге күлген мезеттер қаншама! Ойлап қарасам, не болмады, иә?!
Бірақ, қуанатыным, Аллаға шүкір жобада бұйырса екі жарты бір бүтін болды, жобадан тыс та бағдарламаның арқасында қосылғандар бар. Мен ризамын. Барлығына бірдей тілекшімін. Енді, эфирлерді тек теледидардан бақылаймын. Қоштаспаймын, тек кездескенше, менің сүйікті көрерменім, менің қалаулы Қалауымым! Видео үшін әріптестеріме алғыс айтамын" , - деп жазды Аша Матай.

Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші сәбиін күтіп жүр. Жұлдызды ата-ана отбасындағы жаңалығын ұзақ жасырып, ақыр-соңы бұл жайтпен көпшілікпен бөлісті.

Өнер иелерінің тұңғышы Асылым 2016 жылы дүниеге келген. Жақында ерлі-зайыптылар қызының туған күнін дүркіретіп атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835795-kezdeskense-asa-mataj-telekrermendermen-kostasty-video/

pixel