Выйти
RU

Украинада ырымшыл дәрігер алдымен әйел адамды қабылдаудан бас тартқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украинада Маланка мерекесі кезінде дәрігер наным-сенімінің салдарынан алғашқы болып жазылған әйел адамды қабылдаудан бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақ халатты мереке күні кабинетке алғашқы болып ер адам кіруі керек деп есептеген. Аталмыш оқиғаның куәгері болған жергілікті журналистің айтуынша, науқастың дәл сол уақытқа талоны болыпты.

Алайда әйел адам дәрігердің ығына жығылып, өзінен кейін жазылған ер адамды алдымен кіргізген. Ырымшыл дәрігердің аты-жөні кім екені анықталмаған.

Маланка шығыс славяндарға арналған дәстүрлі мереке. Аталмыш мейрам ескі Жаңа жыл қарсаңында, 13 қаңтарда тойланады.

Еске сала кетсек, шаңырағыңызға бақыт пен байлық, жағымды энергетика шақыратынын қандай заттар екенін анықтап көрген едік. Олардың қатарында кептірілген гүлдер, құмырада өсірілген гүлдер, дөңгелек ас үй үстелі кіреді, сондай-ақ үйіңіздің барынша жарық болғаны жөн.

Сондай-ақ киілген киімді неліктен бөтен адамға беруге болмайтыны анықталды.

Адам бір киімді бірнеше жыл киген кезде, киім мен оның арасында энергетикалық байланыс туындайды. Ал киілген киім бөтен біреудің иелігіне өтсе, энергетика сол адам мен киімнің бұрынғы иесінің арасында пайда болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украинада ырымшыл дәрігер алдымен әйел адамды қабылдаудан бас тартқан