Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медведев басқарған үкімет неліктен оставкаға кетті

Опубликовано:

Күні кеше Ресей Федерациясында Дмитрий Медведев басқарған министрлер кабинеті отставкаға кетті. Путин өз кезегінде үкіметке жасаған жұмыстары үшін алғыс білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: government.ru
Фото: government.ru: UGC

РИА Новости басылымының жазуынша, экс-премьер өз шешімін Владимир Путиннің Конституцияны өзгерту туралы ұсынысы айтылған жолдауынан кейін жариялаған.

"Біз, үкімет ретінде, президентке барлық қажетті шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруіміз керек және осындай жағдайда қазіргі үкімет Конституцияның 117-бабына сәйкес отставкаға кетуі дұрыс деп санаймын", - деді Дмитрий Медведев Ресей басшысымен кездесу барысында.

Медведевтің айтуынша, Путиннің ұсынысы Конституцияның бірқатар баптарына ғана емес, сонымен бірге биліктің тепе-теңдігіне де елеулі өзгерістер енгізеді.

Сондай-ақ, экс-премьер министр әріптестеріне жасаған жұмыстары үшін алғысын айтқан.

"Мен өз тарапымнан сіздерге біздің бірлескен жұмысымыздың осы кезеңінде бірге қызмет еткендеріңіз үшін алғысымды білдіріп, қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанғанымды айтқым келеді, - деді Владимир Путин.

Айта кетсек, министрлер кабинетінің мүшелері жаңа үкімет тағайындалғанша өз міндеттерін атқаратын болады.

Путин Медведевпен әңгімелескеннен бірнеше сағат өткен соң Федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесіп, оған үкімет басшысы қызметін ұсынған. Мемлекеттік дума оның кандидатурасын бүгін, 16 қаңтарда қарайды.

Ал президент Медведевке Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін ұсынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836360-medvedev-baskargan-kimet-nelikten-ostavkaga-ketti/

pixel