Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау мен Жаңаөзенде шетелдік көліктері тіркелмеген жүргізушілер митингке шықты (видео)

Жарияланған күні:

16 қаңтарда көліктері тіркелмеген Ақтау мен Жаңаөзен қаласы тұрғындары митингке шықты. Наразылық акциясы екі қалада бір сағаттық айырмашылықпен өткен. Бейбіт шеруге қатысушылар шетелдік нөмірлерді тіркеу талаптарына наразылық білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда тіркелмеген көліктердің иелері митингке шықты (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

"Лада" басылымының мәліметінше, 16 қаңтар күні, 20:30-да Ақтаудағы Приморский ауылының маңында көліктері қырғыз және армян нөмірлеріне тіркелген жүргізушілер жиналған. Бейбіт акцияға жүзден аса адам келген. Олар шетелдік нөмірлерді тіркеуге қатысты талаптарға назын айтқан.

Автокөлік жүргізушілерінің бірі Ерлан Башинтаевтың пікірінше, тіркеуді талап ету арқылы билік халықты тек өзіне қарсы қояды екен.

Ол көлігін сатып алу үшін 4 млн теңге жұмсағанын және нөмірді тіркеу үшін қайта ақша шығармайтынын алға тартты. Оның сөзінше, ер адам отбасын асырап отырғандықтан мұндай сомасы жоқ.

Оның айтуынша, еліміздегі жол-көлік оқиғаларын жасайтындардың басым бөлігі - шетелдік нөмірі бар көлік иелері болып табылады екен. Бұл жайт - биліктің жалғыз дәлелі. Ер азаматтың сөзінше, егер көліктерде мәселелер болған күннің өзінде, бұл жерде тежеуші фактор-жүргізуші, ол апаттың болуына мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, ер адам тіркелмеген көлік иелеріне айыппұл салынатын болса, "айыппұл тұрағында орын қалмайтынын" атап кетті.

Айта кетейік, наразы тұрғындардың жиыны негізі 19 қаңтар күні өтуі керек еді. Дегенмен шеруге қатысушылар митингке 16 қаңтарда шыққан. Ал олармен кездесуге ЖПҚ Мадияр Омаров келді. Ол көлік иелері бүгін, яғни 17 қаңтарда барлық сұрақтарына жауап ала алатынын айтты.

Ол кездесу 14-шағын аудандағы "Нұр Отан" партиясының ғимаратының жанында, Ақтау сауда орталығының маңында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы мен арнайы орталықтың жанында өтетінін атап өтті.

Қатысушылардың сауалына "Жолда қабылдау" іс-шара аясында полиция мен мемлекеттік кірістер департаменті жауап бермек.

Сонымен қатар куәгерлер кеше 16 қаңтарда Жаңаөзенде 250-ге жуық адам наразылық акциясына шыққанын айтты. Олар қаладағы "Жаңаөзен" сауда ойын-сауық кешенінің жанында жиналған.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелері Оралда 25 қаңтар күні, сағат 11:00-де бейбіт шеруге шықпақ екен.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде де шетелден көлік алып келгендер наразылық білдіргенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836557-aktau-men-zaazende-tirkelmegen-klikterdi-ieleri-mitingke-sykty-video/