Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди үш қабатты хан сарайындай зәулім үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдыздарының бірі, танымал әнші Сиви Махмуди алғаш рет көпшілікке зәулім үйін көрсетті. Үш қабаттан тұратын cарай классикалық үлгіде, әншінің идеясы бойынша безендірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы Ревью бағдарламасына сілтеме жасап.

Сиви Махмуди үш қабатты зәулім үйін көрсетті (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Ревью бағдарламасының ұжымы Сиви Махмудидің шаңырағын алғашқылардың бірі болып көріп қайтқан.

Әншінің үш қабатты үйінің бөлмелері кең әрі барлығы дерлік ақшыл түстес реңде жасалған. Өнер иесінің сөзіше, ол баспанасын арнайы классикалық үлгіде салыпты.

Үйдің бірінші қабатында қонақтарға арналған бөлме орналасқан. Оның іші шынайы өсімдіктермен безендірілген. Әнші осылайша үйдің ішін қысқы баққа айналдыруды көздеген екен.

Тіпті, бөлменің төбесі өсімдіктермен көмкерілген. Өнер иесінің сөзінше, ол анасымен бірге ақылдаса отырып, бөлмені осындай стильде безендіруді шешіпті.

Сондай-ақ, бірінші қабатта тағы бір қонақ күтетін кең бөлме бар екен. Ол жерде мәртебелі меймандар дастарханнан ауыз тиіп, арқа-жарқа болып отыра алады.

Өнер иесі қонақ күткенді жақсы көргендіктен бөлмені арнайы кең етіп жасағанын алға тартты. Айтуынша, ондағы дастарханға 50-ден аса адам сыйып кетеді екен.

Екінші қабатта жұлдыздың және балалардың жатын бөлмесі орналасқан. Айта кету керек, үш бүлдіршінің әрқайсысының жеке бөлмелері бар.

Оған қоса Махмуди өзінің мерекелік кештер мен сахнаға арналған образдарын көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Өмірқұл Айниязов 200 мың АҚШ долларына салған зәулім үйін көрсеткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836613-sivi-mahmudi-s-kabatty-han-sarajyndaj-zulim-jin-krsetti-video/

pixel