RU
Қар жауып, жел күшейеді: 18 қаңтарда ауа райы қандай болмақ

Қар жауып, жел күшейеді: 18 қаңтарда ауа райы қандай болмақ

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" орталығы 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына әсер етеді – қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің оңтүстік аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан ары күшейеді, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында бұрқасын күтіледі, жел түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан ары күшейеді, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан ​​облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с, түнде Қарағанды облысында 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысында түнде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі.

Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарында да тұман түсуі ықтимал, түнде Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel