RU
Исламхан "Зенитпен" бірге оқу-жаттығу жиындарына аттанды

Исламхан "Зенитпен" бірге оқу-жаттығу жиындарына аттанды

Рассказать Вконтакте

"Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Исламхан. instagram.com/islamkhan_9

Бауыржан Исламхан. instagram.com/islamkhan_9

"АБН"-ға берген сұхбатында Медведев алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысының "Зенит" командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Катарға ұшып кеткенін мәлім етті.

Сондай-ақ ол "Р-Спортқа" берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды клубқа шақырмас бұрын, оның бұрынғы командаласы ресейлік Андрей Аршавинмен кеңескенін атап өтті.

Айта кетейік, Андрей Аршавин спорттық мансабын 2018 жылы алматылық "Қайрат" сапында аяқтаған болатын. Ол үш маусым бойы Исламханмен бірге өнер көрсетті.

Медведевтің сөзіне қарағанда, қазақстандық мамандар Исламханды елдің үздік футболшысы деп атаған.

"Бауыржан Исламханның "Зенит" ойыншысы болатын-болмайтыны оның қаралымда өзін қалай көрсететініне байланысты. Ол Қазақстанның соңғы жылдардағы үздік ойыншысы, ұлттық құраманың капитаны. Мен Қазақстандағы мамандармен сөйлестім, олардың пікірінше, Исламхан қазіргі футболшылардың ең үздігі. Әрине, оның кандидатурасы жайында Андрей Аршавинмен кеңестік", – деді Медведев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның Санкт-Петербургтың "Зенит" командасына ауысатыны айтылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel