RU
Қостанайлық полицей отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан қаза тапты

Қостанайлық полицей отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Қостанайлық полицей Дархан Базарбаев қызметін атқару кезінде мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Қостанай облысы Полиция департаменті

Көрнекі фото: Қостанай облысы Полиция департаменті

19 қаңтарда "102" пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан.

"Патрульдік полицейлер Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов оқиға орнына 6 минуттан соң жетті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы үй иесінің өзінің отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Отбасы мүшелері ол пышақ алып шығуға кеткен уақытта, үйдің есігін жауып тастаған. Күдіктіні ұстау барысында полицей пышақ жарақатын алған.
Алайда, ол отбасы қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды жасады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі Дархан Базарбаевтың көз жұмғанын айтты", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалған. Қазір күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды.

Шымкентте жедел жәрдем қызметінің мамандары 15 күндік нәрестені аман алып қалды. Кішкентай сәби бөтелкемен сүт ішіп жатып, тұншығып қалған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында екінші сынып оқушысы дәрігерге қаралғанан кейін, келесі күні көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel