Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айлық үшін келмедім": Нұрлан Әлімжанов депутаттық қызметі туралы айтты

Опубликовано:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер, парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов қазіргі қызметі туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасының "Басты бағдарлама" жобасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/nurlan_alimzhanov_official
Фото: Instagram/nurlan_alimzhanov_official: Instagram

Халық қалаулысы журналистің "депутат атанғалы қандай жеңілдіктерге ие болдыңыз?" деген сұрағына өз ойын білдірді.

"Қызметке жақын жерде депутаттардың үйі бар. Бірақ ол мәңгілік үй емес. Кейбір жұрттар "Үйге қарқ болды, байып кетті" деп шатасуы мүмкін. Бірақ ондай байып кететін нәрсе емес. Бұл да кәдімгі қызмет бұл да. Мысалы, әскери қызмет сияқты. Мен бес айға депутат болдым ба, онда сол айда ғана тұра аламын. Қызметті босатқан соң, мынаны шешеміз. Ол мемлекеттікі", – деді Әлімжанов.

Сұқбат барысында ол депутат болуға ұмтылмағанын айтып өтті. Одан бөлек, жалақысы туралы да аз-кем ақпаратпен бөлісті.

"500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы ғой. Бұрын мемлекеттік қызметте істемегенмін. Сол себепті ол да әсер етеді. Бұл жерге мен айлық үшін келмедім. Несін жасырайын, депутат болмай тұрған кезде бір жерде "әу" деп ән айтып, асаба болып бір күнде алатын айлық. Ал бұл жаңа лауазым, жаңа белес. Осының дәмін татайық. Мендегі осы қызмет арқылы ұлтыма не қызмет көрсете аламын деген мақсат", – деді халық қалаулысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрлан Әлімжанов өзінің депутаттық қызметін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ойнаумен байланыстыратын адамдарға қатысты пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837243-ajlyk-sin-kelmedim-nrlan-limzanov-deputattyk-kyzmeti-turaly-ajtty/

pixel