RU
Алматыдағы Bek Air ұшағының апатынан соң жас отбасы қиын жағдайға тап болған

Алматыдағы Bek Air ұшағының апатынан соң жас отбасы қиын жағдайға тап болған

Рассказать Вконтакте

Алматы маңында апат болған Bek Air ұшағынан аман қалған жолаушылардың бірі төрт айлық қыз баланы тәрбиелеп отырған Ақболат Дауа мен Сәттігүл Үсен. Жас отбасының айтуынша, бүгінде олар қиын жағдайға қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстан видоесынан кадр

Sputnik Қазақстан видоесынан кадр

Жас ананың айтуынша, ол ұшақ құлаған сәтте де, апаттан кейін де қатты қорқып қалған. Себебі, Сәттігүлдің қолында болған кішкентай сәбиі болып, апаттан соң оны жоғалтып алған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ақболаттың сөзінше, ол есін жиғанда жұбайының жылаған даусын естіген. Кейінірек кішкентай нәрестелерін ұшақ сынықтарының арасынан тауып алыпты.

Басылымның жазуынша, Сәттігүл ауыр жараланған. Келіншектің саны мен қабырғасы сынып, жамбасы жарылған және өкпесіне зақым келген. Оған үш рет ота жасалыпты. Нәтижесінде ол сауыққанға дейін орнынан қозғала алмай қалған.

Осыған байланысты отбасы қиын жағдайға тап болыпты. Әйелі мен қызына қарайласу үшін ер адам елордадағы жұмысынан шығуға мәжбүр болған. Қазір олар Алматыда жалдамалы пәтерде тұрып, ем алуда.

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін олармен әуе компаниясының қызметкерлері кездесіп, сақтандыруға қажетті құжаттарды толтыртқанымен, Bek Air оларға ешқандай көмек көрсетпепті.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, тағы 49 адам ауруханаларға жеткізілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel