Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетіме түкірді": Ақтауда оқушы қыз мектепте шу шығарып, анасын шақырды (видео)

Опубликовано:

Ақтауда мұғалім оқушысының бетіне түкірді деп айыпталуда. Бала мен мұғалім арасындағы жанжал туралы білген ата-ана мектеп ұжымына наразылық білдіріп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бетіне түкірген: Ақтауда оқушы қыздың анасы мұғалімдерді баласын күйзеліске түсірген деп айыптауда
Фото: lada.kz: UGC

Жәбірленуші қыздың анасы, Диананың сөзінше, оқиға 22 қаңтарда болған. Оның қызы №1 мектепте білшім алады. Оқиға болған күні әйелге сынып жетекшісі хабарласып, оқушы қызбен төтенше жағдай орын алғанын сөз еткен деп хабарлайды Lada.kz.

Келіншек білім беру мекемесіне келген кезде қызының мұғалімдер арасында жылап отырғанын көріпті. Ананың сөзінше, олар қызды сабырға шақырмақ болған, алайда қолдарынан ештеңе келмеген. Балақай тек анасын көргенде ғана жылауын қойыпты.

Кейінірек жетекші Дианаға мән-жайды түсіндірген. Анықталғандай, оның Милана есімді қызы парта үстінде сурет салып отырыпты. Оны көрген педагог ескерту жасап, орнынан тұруын сұраған. Алайда бала мұғалімнің сөзіне құлақ аспапты.

Сол кезде, ананың сөзінше, мұғалім қызды иығы мен қолынан ұстап алыпды. Содан кейін сыныпқа тағы бір педагог кірген. Олар қызды кабинеттен шығарып әкеткен, сол үшін оқушы жылап қалыпты.

Диана мектептегі бейнебақылау камераларын ашқан кезде ғана оқиғаны егжей-тегжейлі түсінген. Әйелдің сөзінше, мұғалім қыздың бетіне түкіріпті.

Сондай-ақ, келіншек оқиғадан кейін қыздың мектепке барудан бас тартып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Диана оқиға болған сәтте психолог маманның мектеп аумағында болмағанын, оның жұмысқа кешігіп қалғанын анықтаған.

Әйелдің сөзінше, мұғалімдер оған баланың бетіне түкірмегенін айтыпты. Оқушы қыз жай ғана терлеп қалған екен.

№1 мектептің директоры Бекес Іспекеев педагогтердің баланы сабырға келтіру үшін бетіне су шашқанын, алайда бұл тәсілдің оған көмектеспегенін айтты. Маманның сөзінше, балаға 15 мұғалім көмектеспек болыпты. Мекеме басшысы қыздың күйзеліс жағдайында болғандай көрінгенін атап өтті.

Мектеп меңгерушісі Жанна Иманалиеваның хабарлауынша, қыз мұғалімнің қыспағынсыз сыртқа өзі шыққан. Сондай-ақ, маман оқушының анасы бәрін дұрыс түсінбегенін атап өтті.

Ювеналды полиция инспекторы Нина Мальцева да оқиғаға түсініктеме берді. Айтуынша, қыз оның үстіндегі полиция формасын көргенде қатты ашуланып, анасын түрмеге әкетпеуді сұрады. Маманның бала психологиялық жарақат алған болуы мүмкін деп отыр.

Полиция ювеналды полиция инспекторы бұл отбасын тексеріп, олардың үйіне барып, баланың өмір сүру жағдайын зерттейтінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында қыз баланы дәретханаға жібермеген мұғалім оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837605-betime-tkirdi-aktauda-okusy-kyz-mektepte-su-sygaryp-anasyn-sakyrdy-video/

pixel