Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі аяғын пойыз басып кеткен қарағандылық әйел үйіне дейін еңбектеп жеткен

Опубликовано:

63 жастағы Қарағанды тұрғыны теміржолдан өтемін деп екі аяғынан айырылды. Алайда, соған қарамастан әйел адам үйіне дейін еңбектеп жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Жантүршігерлік оқиға болған жерде, теміржолдан өту үшін адамдарға күнделікті вагондардың астымен еңбектеп өтуге тура келеді. Әйел адам вагондардың жалғанған жерінен өтіп бара жатқан. Сол сәтте пойыз жүріп кетіп, екі аяғын табан тұсынан басып өткен деп мәлім етті "Еуразия бірінші арнасы".

Есін жиған ол бар күшін жинап, өз үйіне дейін еңбектеп жеткен.

Әйел адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, аман қалды. Алайда, аяқтарын жіліншік тұсынан кесіп алып тастауға тура келген.

Құқық қорғау органдары пойыз жүргізушісінен жауап алынғанын жеткізді. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жергілікті тұрғындар теміржол өткеліне қатысты мәселенің бұрыннан бері көтеріліп келе жатқанын, алайда, ешбір шешімі табылмайтынын алға тартады. Айтуларынша, бұл ауданда дені дұрыс теміржол өткелі жоқ, сол себепті үлкендер де, кішкентай балалар да вагондардың жалғанған жерінен еңбектеп өтуге мәжбүр. Жиналған қалың қардың кесірінен пойызды айналып өту мүмкін емес. Сорақысы сол – бұл мәселенің туындағанына 30 жылдан асыпты.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында пойыздың астына секірген әйел екі аяғынан айырылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837621-eki-aagyn-pojyz-basyp-ketken-karagandylyk-jel-jine-dejin-ebektep-zetken/

pixel