Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Опубликовано:

Қарағанды облысының Қарабас стансасында, 23 қаңтар күні, түстен кейін Астанадан Жезқазған қаласына бағыт алған пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кетті. Оқиған мән-жайымен ҚТЖ бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Вагондардың шығып кетуі Қарағанды - Пассажирская - Жарық учаскесінде 21:43-де тіркелген. ЖКО кезінде пойыздың ішінде 680 адам болды. Зардап шеккендер жоқ.

Рельстен шығып кеткен жолаушылар қосымша вагондармен қамтамасыз етілді. Олар тағайындалған станцияға дейін жете алады.

Оқиға орнында ҚТЖ қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, ал теміржол учаскесі қалыпты жұмыс істеп жатыр. Пойыздар кесте бойынша жүреді деп хабарлайды ҚТЖ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, вагондардың рельстен шығып кетуіне ауа райы жағдайлары әсер еткен. Өңірде бұрқасын болып, темір жолды көру мүмкіндігі төмендеген.

Оқиға орнына барған ҚТЖ арнайы комиссиясы оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеп, оқиғаның себептерін анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 15-ші қыркүйегінде Шамалған станциясында автобуспен пойыздың соқтығысқаны хабарланған еді. Алдын-ала болжам бойынша, автобус пойыздың релсіне шығып кеткен.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды деп алдын ала ақпарат берген болатын.

Бірақ, аталған ведомствоның өкілі Ғалымұрат Жүкел бір адамның қайтыс болғанын, тағы екі адамның жансақтау бөліміне түскенін нақтылады деп жазады басылым.

Айта кетейік, мемлекет басшысы қаза болған марқұмның отбасына көңіл айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837636-karagandy-oblysynda-zolausylar-pojyzyny-vagondary-relsten-sygyp-ketti/

pixel