Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы қорғаныш костюм киген дәрігерлер алматылықтарды шошытты

Опубликовано:

Оңтүстік астаналықтар екі дәрігердің арнайы қорғаныш костюмдерін киіп, науқасты зімбілмен ауруханаға кіргізіп жатқан сәті бейнеленген фотосымен бөлісуде. Тұрғындардың айтуынша, дәрігерлер жаңа коронавирус жұқтырған адамды әкетіп бара жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Әлеуметтік желіде тараған хабарламаға сәйкес, аурухана Талдықорғанда орналасқан. Ал арнайы жабылған зімбілмен қытайлық вирусты жұқтырған адамды әкетіп бара жатыр.

Zakon.kz жазуынша, облыстық әкімдіктегілер Whatsapp желісі арқылы тарап жатқан ақпаратты тез жоққа шығарған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, суретте Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасында өтіп жатқан арнайы оқу-жаттығу жұмыстары бейнеленген. Сондай-ақ, жаттығу жұмыстары коронавирус Қазақстан аумағына кіре қалған жағдайда сауатты әрекет ету үшін ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігі азаматтардан тыныштық сақтап, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ өткен брифингте әлемде таралып жатқан коронавирус жайлы сөз қозғап, қазақстандықтарды Қытайға барудан бас тартуға шақырған еді.

Сондай-ақ бас санитар дәрігер вирустың қандай жағдайда жұғатынын айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837637-arnajy-korganys-kostum-kigen-drigerler-almatylyktardy-sosytty/

pixel