Өлімге әкелетін "қытайлық" коронавирус адамға қалай жұғады
Жарияланған күні:
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның сөзінше, өткен жұмамен салыстырғанда әлемде жаңа коронавирус тез тарап келеді. Бүгінде аурудың 571 жағдайы тіркелген, оның ішінде 71-і өліммен аяқталған.
Бекшин вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтады.
"Вирус тарауының ауа тамшылығымен қатар, алиментарлы жолы болуы мүмкін. Бір апта бұрын біз вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін растамадық, бірақ соңғы мәлімдемеге байланысты адамнан адамға жұғатыны анықталды. Бірақ, жұғу деңгейі өте төмен және адам қабылдайтын вирустың концентрациясына байланысты",- деді Бекшин.
Осыған байланысты, бас санитарлық дәрігер ҚХР шекарасындағы бақылау қатаңдатылғанын, сондай-ақ, Қытайдан келгендерге қашықтықтан термометриялық бақылау күшейтілгенін мәлімдеді. Алматыға Қытайдың бес қаласынан, ал Нұр-Сұлтанға үш қаласынан рейстер тоқтайды.
Денсаулық сақтау министрлігі қызметкері барлығы бақылауда екенін баса айтты.
Сонымен қатар, барлық өту орындарында, оның ішінде темір жол және автоөткізгіштерде Қытаймен шекара периметрі бойынша санитарлық-карантиндік пункттер бар. Олар да қашықтықтан термометриялық бақылау жүргізеді.
"Бұл бақылау күшейіп жатыр. Біз 13 мыңнан аса жолаушыны тексердік. Бүгінде Қытайдан келгендер қатарынан ауру анықталған жоқ. Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Бірақ, инкубациялық кезең 2 күннен 10 күнге дейін уақытты құрайды. Сондықтан, ЖРВИ мен суық тию белгілері байқалса, бірден дәрігерге жүгіну қажет", -деді Бекшин.
Одан бөлек, Жандарбек Бекшин ОКҚ өткен брифингте әлемде таралып жатқан коронавирус жайлы сөз қозғап, қазақстандықтарды Қытайға барудан бас тартуға шақырды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837505-limge-keletin-kytajlyk-koronavirus-adamga-kalaj-zgady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.