Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолиялық қазақ келіншек қасқырмен арпалысып, күйеуін аман алып қалды (фото)

Опубликовано:

Моңғолияда келіншек қазақтар тұратын қыстаққа шабуыл жасаған қасқырды өлтіріп, жұбайы мен отарын аман алып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/erkanat_kopjasar
Фото: instagram.com/erkanat_kopjasar: Facebook

Аталмыш оқиғамен Instagram әлеуметтік желісінде журналист Ерқанат Көпжасар бөліскен.

"Кеше түнде Моңғолиядағы қазақтар мекендейтін қыстақтардың біріне қасқыр шауыпты. Үй иесі иттер неге үріп жатыр деп, қораға барса анау жатқан көкжал бас салған. Жігіт ағасы аш қасқырмен жарты сағаттай жағаласыпты.
Келіншегі күйеуін іздеп далаға шықса, қасқырдың үстінде жатқан отағасын көрген. Әйелі сасқанынан өзінің басты қаруы үйіндегі оқтауды алып шығып, көкжалдың басынан ұрып-ұрып жіберген ғой. Ағаш оқтау екіге бөлініп кеткен.
Жаны сірі хайуан қыңқ етпепті. Ақыры ашынған әйел бөріні балталап өлтіріпті. Әйелі отағасы мен отбасын, отарын да аман алып қалды. Мықты ерлердің артында аса мықты әйелдер тұрады деген осы енді. Үй иесі қолы жарақаттанып ауруханада ем алып жатыр", - деп жазған журналист.

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында тұрғындар түз тағысының ауылдағы қораларға түсе бастағанын айтып, шағымданған еді.

Мәселен, қыс түскелі Нұрбақыт Сейтқали есімді шаруаның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837662-mogolialyk-kazak-kelinsek-kaskyrmen-arpalysyp-kjeuin-aman-alyp-kaldy-foto/

pixel