Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тұрғындар малына қырғидай тиген қасқырлардан үрейленіп отыр

Опубликовано:

Жамбыл облысында ашыққан түз тағылары жайылымдағы төрт түлікті қойып, қораларға түсе бастаған. Алайда қасқырды өз бетімен атуға рұқсат болмағандықтан жергілікті шаруалар күресуге дәрменсіз болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қыс түскелі Нұрбақыт Сейтқали есімді шаруаның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен. Қазір кезекпен ұйықтап, түнімен қора күзетеді. Өткен түні ғана мал тұяғының дүбірін естіп, қасқырдың келгенін сезіпті.

"Енді амал жоқ, осылай талап кетеді. Одан кейін сойып аламыз, басқа ештеңе істемейміз оған. Қоя бергеннің өзі болмайды. Сойып аламыз қазір. Шықпағанда бәрін қырып кету керек еді. Қора жабық айнала, қашып кете алмайды малдар. Тамақтап, бауыздап кете береді. Кейбіреулері арқасына салып алып кетеді", - дейді шаруа Нұрбақыт Сейтқали.

Шалғайдағы шаруалардың көпшілігі қазір үрейде. Жуырда Талас ауданындағы Майтөбе ауылының маңында бірнеше жылқы ит-құсқа жем болған. Қасқырды алу оңай шаруа емес. Ал жергілікті тұрғындар аңды атуға заңмен тыйым салынғандықтан, бұл жұмыстарға аңшылық шаруашылықтары жұмылса екен деп отыр.

"Билікөл деген көліміз бар. Мына мұз қатқанда мына таудан келеді, әсіресе. Содан кейін Билікөлдің арғы жағында фазенда бар. Қыркүйекте 60 бас малын қырып кетті. Осылай келеді де, өлді дегенде 15 бастай, кеше біреуін тамақтап кетті. Бағана құйрығын жұлып кетті. Оны мал болатын шығар десек, болмайды, аяғын сындырып кеткен", - дейді Өрнек ауылының тұрғын Сәрсекүл Стамбекова.

Ал мамандар болса қораға түскен қасқырды атуға болады дейді. Тек арнайы жұмыс тобы ол деректі тіркеуі тиіс екен. Жақында қасқыр санын реттеу үшін комиссия құрылып, атуға рұқсат берілген. Қазір өңірді мекен ететін аңның 40%-ін атуға рұқсат бар.

"Ал осы жылы қасқырдың шаруашылық малдарына шабуылы көбейгеніне байланысты республика деңгейінде осы мәселе көтеріліп жатыр. Бұл бойынша жұмыс тобы құрылған. Жергілікті атқарушы орган бар, инспекция бар, мамандары қасқыр шабуылының алдын алу үшін жиналыс жасап жүрміз", - дейді Жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Болат Асанбеков.

Биыл санақ бойынша аймақтағы қасқырлардың саны екі мыңға жуық деп есептелген. Мамандар енді жыртқыш шектен тыс көбейіп кеткен елді мекендерді анықтамақ.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында қасқырларды қолда ұстайтын шаруа ауылдастарын шошытқан еді. Жыртқыштардың емін-еркін жүруі тұрғындардың үрейін ұшырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836149-zambyl-oblysynda-kaskyrlar-btin-bir-auyldy-rejde-stap-otyr/

pixel