RU

Президент Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер жайында сөз қозғады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік мәселелер талқыланатын үкімет отырысы кезінде Қазақстан президенті Алматыда құлаған жолаушылар ұшағына қатысты сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президенттің сөзінше, ол әуе апатынан зардап шеккен адамдардан әліге дейін хабарламалар алуда. Мемлекет басшысының айтуынша, зардап шеккендер ешқандай ақшалай өтемақы алмағанын хабарлаған. Тіпті олардың кейбірі емханаларда емделіп жатқандықтан, жұмыс істей алмауда.

Осыған байланысты Тоқаев Роман Склярдан осы бағытта атқарылған шаруалар жайын сұрады.

"Сіздің тапсырмаңыз бойынша, марқұмдардың отбасыларына бюджет есебінен өтемақы төленді. 4 млн теңгеден. Одан бөлек, осы рейсте болған жолаушылардың бәрі сақтандыру компаниясымен сақтандырылған. Жақын уақытта төлемдер төленетін болады. Барлық қажетті қағаздар рәсімделген, жүргізілуде, бақылауда", - деді вице-премьер.

"Аман қалса да, жарақат алып, емделіп жатқан адамдар, еңбекке жарамсыз болып қалғандар бар. Осы санаттағы адамдарға қатысты не істеліп жатыр?", - деп сұрады президент.

"Бұл санаттағы адамдарға қатысты - мұнда әртүрлі өңір өкілдері бар, жалпы 52 адам зардап шеккен. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі көмек көрсетеді", - деп түсіндірді Скляр.

"Бұл жұмысты тездетуді сұраймын. Зардап шеккен адамдар үкіметтен де, жергілікті атқарушы органдардан да көмек алулары керек. Әкімдіктердің назарын осы мәселеге аударамын", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Сапарбаев мемлекет басшысына елімізде қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы жайында айтып берді.

Сондай-ақ, Тоқаев Баталовқа Алматы облысына арнайы барып, газдандыру жұмыстарын тексеретінін айтты.

Сонымен бірге, президент Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновқа ескерту жасаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер жайында сөз қозғады
Mailfire view pixel