Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Баталовқа: Алматы облысына іс-сапармен барамын, көреміз

Опубликовано:

Министрлер кабинетінің отырысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірді газдандыру жайында баяндады. Өз кезегінде Тоқаев жақын күндері облысқа іс-сапармен барып, бәрін өз көзімен көретінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Баталовқа: Алматы облысына іс-сапармен барамын, көреміз
Қасмы-Жомарт Тоқаев, Амандық Баталов. Коллаж: NUR.KZ: UGC
"Мендегі деректер бойынша 470 елді мекеннің тек 30% ғана газға қосылған", - деді Тоқаев әкімге.

Баталов болса газдандыру жобасының басындағы көрсеткіштер тек 9-11% болғанын, ал биыл ол көрсеткіш 56% жетіп, миллионнан астам адам газ алатынын айтты.

"Үкіметпен бірлесіп біз Алматыдан Талдықорғанға дейін тоқтаған газ құбырын аяқтадық және Текелі қаласына газ құбырын жүргіздік.
Жаркенттің, Бақанастың, Сарыөзектің, Үштөбенің, Шонжының аудан орталықтарына дейін және Талдықорғанға дейін жүргіздік...Талдықорғаннан Үшаралға қарай да жобалап отырмыз. Биыл газдандыруды 56% дейін жеткіземіз, жоспар бойынша жұмыс істейміз. Бізге министрлік жақсы көмектесіп жатыр", - деді Баталов.

"Мен жылдың екінші жартысында өңірге іс-сапармен барамын, көреміз", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

Сондай-ақ Сапарбаев мемлекет басшысына елімізде қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы жайында айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837667-tokaev-batalovka-almaty-oblysyna-is-saparmen-baramyn-kremiz/

pixel