Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанды қасқырлар торуылдап жүргені рас па (видео)

Опубликовано:

Елорданың әр бөлігінде жүрген қасқырлардың видеосы WhatsApp мессенджерінде жаппай тарап, астаналықтардың үрейін ұшырды. Оқырмандар жыртқыштарды, әсіресе, автоХҚКО, Саянұр дәне Көктал маңында байқағанын айтады. Осы тектес бірнеше ролик KAZ.NUR.KZ редакциясына да келді.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Instagram

Кадрларды порталдың поштасына жіберген оқырман Нұр-Сұлтанда жабайы аңдарды кездестіру қаупі туындағандықтан, көшеге шығу расымен де қауіпті ме деп сұраған.

Дәл осыған ұқсас видео WhatsApp мессенджерінде тараған.

Хабарламалардың бірінде кадрлар елордалық мамандандырылған ХҚКО маңында түсірілгені айтылады. Ал шын мәнінде аталған жайт Калугада (РФ) болған. Көрші мемлекетте видеода жүрген қасқырлар емес, ірі иттер деген тұжырымға келген.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Ал жыртқыштардың үй иттеріне шабуыл жасап жатқан видеосы Архангельск облысының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Петропавлск. News хабарлауынша, видео СҚО тұрғындары арасында жаппай тарап, халықты дүрліктіріп жіберген. Кейінірек бұл басқа елді мекендегі кадрлар екені анықталған.

Оқырмандар кезекті видеодағы көк бөрі Көкталда жүргенін мәлімдеді. Алайда, Нұр-Сұлтан әкімдігі кадрлардың Қазақстан елордасында түсірілмегенін айтты.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева қалалықтарды мессенджерлерде тараған ақпараттарға сенбеуге және үрейленбеуге шақырды.

Жергілікті атқарушы орган өкілі атап өткендей, қалада байқалған қасқырлар жайлы қауесет жалған. Сондай-ақ, өтірік ақпарат таратқандарға заңмен бекітілген жаза бар.

Бұл мәлімдемені елордалық полиция да қостады. Департаментте Көктал мен мамандандырылған ХҚКО аумағында жүрген бірнеше қасқыр туралы видео хабарлама шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қазір Нұр-Сұлтан полицейлері заңмен бекітілген жауапкершілікке тарту үшін жалған хабарлама авторларын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін моңғолиялық қазақ келіншектің қасқырмен арпалысып, күйеуін аман алып қалғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837720-nr-sltandy-kaskyrlar-toruyldap-zrgeni-ras-pa-video/

pixel