Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде диссертация қорғау талаптары күшейтілетіні рас па

Жарияланған күні:

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде диссертация қорғау талаптары күшейтілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Аймағамбетовтың сөзінше, диссертацияны қорғау үшін қажетті басылымдарға қойылатын талаптарды өзгерту бойынша Қазақстанның БҒМ бұйрығының жобасы дайындалған.

Ведомствоның №127 бұйрығына сәйкес, докторантқа қорғауға шығу үшін міндетті түрде жеті мақала жариялау керек, бұл ретте сапасы бойынша ерекше талаптар қойылмайды.

"Нәтижесінде басты назар тек сандық көрсеткішке аударылып, мақалалар сапасы күмәнді журналдарда жариялана бастайды. Кейін ғалымдарымыздың мақалалары халықаралық базалардан шығарылған белгісіз бір журналдарда басылып шыққанда таң қалып жатамыз.
Әлбетте, қалыптасқан бұл дәстүрді өзгерту керек. Яғни, сұранысқа ие емес "әлсіз" журналдарда мақалалардың көп жариялануына қарағанда, беделді журналдарда сапалы жарияланымдар аз шыққаны жақсырақ деп анық айтуға болады", - деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге диссертациялық кеңес мүшелеріне қойылатын талаптарды арттыру жөніндегі жаңа норма енгізіледі. Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігінде Хирш индексі мен рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда кемінде үш жарияланым болуы тиіс.

Ал әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін бұл көрсеткіштер төмен болады.

Білім және ғылым министрі магистрлік және докторлық диссертациялар жетекшілеріне қойылатын талаптар да өзгергенін жеткізді.

"Мәселен, егер бүгінгі таңда докторанттан күшті журналдарда жарияланым талап етілсе, онда ғылыми жетекшінің де осындай жарияланымдары болуы тиіс. Қазіргі уақытта іс жүзінде тиісті талаптар жоқ", - деді министр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837896-elimizde-dissertacia-korgau-talaptary-ksejtiletini-ras-pa/