RU

Келіншек жаңа туған нәрестесін кір жуғыш машинада жуған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Талица қаласының тұрғыны жаңа туған нәрестесін кір жуғыш машинасына салып, жуған. Бұл туралы 26 қаңтар күні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

баланы жуған

Көрнекі фото: pixabay.com

Порталдың мәліметінше, оқиға көпбалалы, берекелі отбасының шаңырағында болып отыр. Түнде күйеуі мен үш баласы ұйықтап жатқан кезде әйелді толғақ қысып, ол мерзімінен бұрын босанып қалған.

Содан кейін ол нәрестені кір жуғыш машинаға салып жуған. Ал кейіннен баланың өлі туғанын айтыпты.

Көршілердің сөзінше, оның жұбайы полиция шақыртқан. Айтуынша, ер адам таңертең балаларын сабаққа апару үшін тұрған кезде әйелінің жерде қансырап жатқанын көріпті.

Оқиға орнына құқық қорғау органдары келіп, жеткен. Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуде. ІІМ мен Тергеу комитеті әзірге ресми пікір білдірмеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын, сонымен қатар Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туға нәрестенін табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, осыған ұқсас жағдай Атырауда орын алған. Жаңа туған нәресте жылу құбырының маңынан табылды. Алайда көп ұзамай сәбиін далаға тастап кеткен безбүйрек ананың табылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Келіншек жаңа туған нәрестесін кір жуғыш машинада жуған
Mailfire view pixel