Выйти
RU

Билл Гейтс коронавирусқа қарсы шараларға 10 млн доллар бөлмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтстің қайырымдылық қоры коронавирусқа қарсы Қытай мен Африкада жүргізіліп жатқан шараларға көмек үшін 10 миллион доллар бөледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Фото: ixbt.com

Фото: ixbt.com

"Бүгін Bill & Melinda Gates қоры Қытай мен Африкада коронавирустың жаһандық таралуына қарсы күресіп жатқан адамдарға көмек көрсету үшін шұғыл түрде 10 млн доллар қаражат пен тиісті техникалық қолдау көрсететінін мәлімдеді", - делінген қайырымдылық қордың хабарламасында.

Айта кетсек, Қытайда пайда болған індеттен 80-нен астам азамат көз жұмды.

Ал Моңғолияда 2 наурызға дейін коронавирусқа байланысты ЖОО-лар мен мектептер жабылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Хайнань аралында коронавирустан көз жұмған алғашқы адам тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Белгілі болғандай вирустан пайда болған пневмониядан Ухань қаласынан курортқа келген 80 жастағы әйел қайтыс болған.

Сонымен қатар еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Қытайда аумағында таралған коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Билл Гейтс коронавирусқа қарсы шараларға 10 млн доллар бөлмек