Выйти
RU

Әйелін қолдау үшін босану процессіне келген ер адам есінен танып қалды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде жүкті әйелін қолдамақ болып, босану бөліміне бірге еріп кірген ер адамның суреті кеңінен тарап кетті. Суретте босану процессінен шошынып қалған әкенің күтпеген жерден есінен танып, жерде жатқанын көруге болады. Ал оның әйелі мұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, күйеуін суретке түсіріп, желіге таратқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

селфи жасады

Фото: Instagram / worthfeed

Сурет қысқа ғана уақытта әлеуметтік желіде таралып кетті. Кадрдан баласының дүниеге келуін өз көзімен көрмек болған әкенің естен танып жатқанын байқауға болады.

Аталған суретті босанған әйелдің өзі түсірген. Кадр негізі желіде алғаш рет 2019 жылы пайда болғанымен, осы аптада қайта танымалдыққа ие болған.

Суретте жас босанған әйел төсекте жатып, күліп тұр. Ал баланың әкесі босану сәтін көріп, есінен танған күйі жерде жатыр.

Ер адамды медицина қызметкерлері қоршап алған.

Желі қолданушылары үшін де бұл жағдай өте күлкілі болып көрінді. Олар жарияланған суреттің астына өз пікірін жарыса жазды.

"Мына суретті болашақта балаларына көрсетіңіздер", "Сол себепті де өмірде әйелдер босанады. Біз мықтымыз", "Мына жігітке обал болған. Ол мұнда не үшін келгенін де білмеген шығар", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, жүктілігін толғағы келген уақытта ғана білген әйел өмірге үшем алып келді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелін қолдау үшін босану процессіне келген ер адам есінен танып қалды (фото)