"Зенит" клубы Бауыржан Исламханға қатысты шешім шығарды
Жарияланған күні:
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Зенит" клубының Испанияда өтетін екінші оқу-жаттығу жиынына шақыртылмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Ресейлік ұжым Instagram желісіндегі парақшасында "Зениттің" Испанияда өтетін екінші оқу-жаттығу жиынына 27 футболшы аттанғанын жазды.
Бұл тізімге Қазақстан құрамасының капитаны енген жоқ.
Санк-петербургтік клуб 1 ақпан күні люксембургтік "Дюделанжбен" және 9 ақпан күні мәскеулік "Цскамен" жолдастық кездесуді өткізуді жоспарлаған.
Ал алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысының енді қандай клубта өнер көрсететін әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.
Футболшы онда екі жолдастық кездесуге қатысып, қол голдық пастың иегері атанған.
Ресейлік клубтың алғашқы оқу-жаттығуы аяқталған соң, Исламхан Алматы қаласына ұшып кетті.
Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838422-zenit-kluby-bauyrzan-islamhanga-katysty-sesim-sygardy/