RU
Мәжіліс депутаты әйелдерге күйеуінің рұқсатынсыз түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты әйелдерге күйеуінің рұқсатынсыз түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қазақстандық әйелдерге күйеуінің келісімінсіз түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды. Оның пікірінше, Денсаулық сақтау кодексі жобасының екі бабы Неке және отбасы кодексіне қайшы келеді және Қазақстан халқының дәстүрлерін бұзады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Магеррам Магеррамов, фото time.kz / Көрнекі фото: pixabay.com

Магеррам Магеррамов, фото time.kz / Көрнекі фото: pixabay.com

Ол мұндай ұсынысын "Время" газетінің "Блоги" бөлімінде білдірген.

Магеррамовтың айтуынша, қаралып жатқан халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасында екі бап Неке және отбасы кодексіне қайшы келеді.

Онда отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында әйел ана болу мәселесін өзі шеше алады және қажетсіз жүктіліктің алдын алу әдістерін таңдауға құқығы бар деп айтылған.

Депутаттың жазуынша, ол Неке және отбасы кодексінде көрсетілген бала туу және түсік жасауды екі жақ біріге қабылдау керек деген сөйлемге қайшы келетіндіктен, "отбасын жоспарлау мақсатында" деген сөзге қарсы.

Магеррамовтың ойынша, отбасын екі тарап жоспарлауы керек. Неке және отбасы кодексінде ерлі-зайыптылардың тең құқығы мен міндеттері айтылған. Сондай-ақ әкелік және аналық, бала тәрбиесіне және отбасы өміріне қатысты мәселелер екі жақтың келісімімен қабылданады делінген.

Ол сондай-ақ әке және ана болу мемлекет қорғауында деп жазылған елдің Конституциясын да мысалға алған. Депутаттың жазуынша, ерлі-зайыптылардың медициналық қарсы көрсетілімдерін есепке алмағанда, әйелдер күйеуінің рұқсатынсыз жүктілікті үзе алмайды.

Сонымен бірге Магеррамов жасанды ұрықтандыру үшін екінші жартысының келісімін алу керек деген заң нормасына да сүйенген.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда жолдасымен келісіп, ал жасанды түсік жасатуға неге келісімін алмауы керек деген сауал қойған.

Одан бөлек, Магеррамов егер денсаулығына зиян келсе, онда әйел аборт жасауға өз бетімен шешім қабылдай алады деген норманы қолдаған.

Бірақ ол Кодекс жобасының глоссарийі "отбасын жоспарлау" және "қалаусыз жүктілік" ұғымдарын анықтамайтынын, бұл тұжырымдамаларды еркін түсінуге әкелетінін, сондай-ақ қалаусыз жүктілік медициналық себептермен емес, әйелдің бала туғысы келмегенін болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен бірге депутат жұптар некеге отырып, өздеріне жауапкершілік пен құқықты теңдей алатынын, сол себепті аборт жасау да екі жақты шешім болуы керектігін айтты. Олай болмаған жағдайда, құрсаққа бала біте салысымен ер адамның әкелік міндеті болатындықтан, келісілмеген шешім ер адамның құқығын бұзуы мүмкін.

Депутаттың сөзінше, осыдан кейін ер адам да жүктілікті үзу немесе оны сақтау туралы шешімді қабылдауға құқығы бар. Магеррамовтың пікірінше, шешім екі жақты қабылданбаса, отбасында жанжал туындап, оның соң ажырасуға әкелуі ықтимал.

Сондай-ақ, халық қалаулысы ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең болғанын құптайтынын жеткізген. Оның сөзінше, отбасының басқа мүшелері аталмыш мәселені шешуге араласа алмайды.

Магеррамов баланы әйел көтереді емес пе деген талапқа да жауап беріп, репродуктивті құқық екі тарапқа да тиесілі екенін айтты.

Магеррамов әкенің беделі өте жоғары шығыс халықтарының дәстүрлерін де еске алған. Оның ойынша, қазіргі таңда ер адамдар барлық құқығынан айырылған.

Айта кетсек, бұған дейін бес мыңға жуық әйелдің бала көтеруіне себепші болған Анар Панкерейқызы туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel