Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Комаровский коронавируске қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Көпшілікке танымал дәрігер Евгений Комаровский жаңа коронавирус туралы айтып, инфекцияның қауіптілігі мен оған байланысты шындыққа жанаспайтын аңыздарды жеткізді. Оның сөзінше, медициналық маскалар да, дәстүрлі әдістер де қауіпті вирустан құтқармайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Евгений Комаровский. Фото: facebook.com/komarovskiynet
Евгений Комаровский. Фото: facebook.com/komarovskiynet: UGC

Белгілі дәрігер жаңа коронавирустың ең жаман тұсы деп вирустың белгілері көрінбейтін адамнан жұқтырып алу мүмкіндігін санайы. Оның сөзінше, кез келген адам инфекцияның ауыр кезеңі - инкубациялық аралықта өзге жанға жұқтырып жіберуі мүмкін. Егер бұған дейін инкубациялық кезең он күн аралығын қамтыса, бүгінгі күні ол бір және екі аптаны құрайды.

Бұл жөнінде Комаровский өзінің YouTube-каналында хабарлады.

Дәрігердің сөзінше, қауіпті вирусты жұқтырып алғандар мен оның құрбаны болғандар жайлы ресми мәліметтер нақты болмауы мүмкін. Себебі, көптеген науқастар медицина қызметкерлерінің көменгінсіз, үйде жата беруі мүмкін.

Оған қоса, қытайлық дәрігерлер аталмыш ауруға шалдыққанына көзі жеткен науқастарға ғана ерекше көңіл бөлуде.

Кімдерге қауіп төніп тұр?

Дәрігердің сөзінше, инфекция кесірінен уайымға салынудың қажеті жоқ. Оның өзіндік себптері де бар.

Біріншіден, медицина майталманының пайымдауынша, жаңа инфекциядан көз жұмғандардың басым көпшілігі - 70 жастан асқан егде кісілер. Олардың көпшілігі онсыз да өкпенің ауыр дертіне шалдыққан.

Екіншіден, жаңа вриустан қайтыс болған адамдардың саны басқа әйгілі эпидемиялардан әлдеқайда аз.

Маскалар мен өзге де заттарға үміт бар ма?

Комаровский маскалар вирустан мүлдем құтқармайтынын басып айтты. Дәрігер оларды тек жөтелген кезде, сілекейі қоршаған ортаға түспеуі үшін кию керек екенін жеткізді. Дені сау адам масканы әрдайым түзеп отырады. Нәтижесінде вирус оның қолы арқылы тарайды.

Сонымен қатар, Комаровскийдің айтуынша, қауіпті вирусты көздің шырышты қабығы арқылы жұқтырып алу мүмкіндігі бар. Сол себепті, арнайы көзілдіріксіз вирусты жұқтырып алу оп-оңай болмақ.

Дәрігер өз көрермендерін коронавирусты белгілі бір нәрселерің көмегімен емдеп беремін деп жүгінетіндерге сенбеуге шақырды. Оның сөзінше, дәстүрлі әдістерді тіптен ұмыту керек. Ол қазіргі таңда, инфекцияны емдеуге қарсы препараттар әзірге жоқ екенін айтып, олардың сатылымға жақын уақытта шықпайтынын жеткізді.

Айта кетейік, күллі елді дүрліктірген коронавирустан қөз жұмғандардың саны 304 адамға жеткен. Оған қоса, 14 380 адам қауіпті вирусты жұқтырып алған. Бұған дейін аталмыш инфекциядан адам өлімі тек Қытай аумағында болған. Енді ҚХР-дан тыс жерде Филиппинде бір адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838991-komarovskij-koronaviruske-katysty-pikir-bildirdi/

pixel