jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылық ару "Украина дауысы" байқауында таңдай қақтырды

    : Instagram

    Отандық әнші Индира Еділбаева "Украина дауысы" ән байқауында өнер көрсетіп, өзінің ерекше дауысымен көпті таңдай қақтырды. Алматылық арудың ән айту шеберлігіне көрермендер ғана емес, барша қазылар алқасы да тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Индира Еділбаева. Фото: видеодан кадр/youtube.com/Голос країни
    Индира Еділбаева. Фото: видеодан кадр/youtube.com/Голос країни: Facebook

    28 жастағы Индира Еділбаева өз бағын халықаралық ән байқауында сынап көрмек болды.

    Жобадағы алғашқы өнер көрсетуі үшін отандық қазақстандық украиналық The HARDKISS тобының "Мелодія" атты өлеңін таңдап алған.

    Әнші қыз бұл әсерлі әнді өзін жалғыз тәрбиелеп, өсірген анасына арнағысы келетінін жеткізді.

    Индира байқаудың қазылар алқасын тек вокалдық ерекшелігімен ғана емес, сондай-ақ сұлулығымен де баурап алды.

    Дан Балан төрешілер арасынан бірінші болып қазақ қызына назар аударып, орындығын сахнаға қарай бұрды. Танымал әншінің Индираның орындауына тәнті болғаны соншалық, ол ән аяқталған соң сахнаға шығып, қолдау көрсеткен.

    Украиналық жұлдыздың сөзінше, ол Индираны алғашқы ноталардан-ақ жақсы сезе білген. Алматылық аруға барлық қазылар алқасы бұрылғандықтан, Еділбаева таңдауды өзі жасауға мәжбүр болды.

    Ол көп ойланбастан Дан Баланның тобына өтті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алматылық ару "Украина дауысы" байқауында таңдай қақтырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.