Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бала үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда бала бір жарым немесе үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр. Ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қаралып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Айта кетейік, қазір елімізде босанған әйелдерге баласы бір жасқа толғанға дейін мемлекеттік жәрдемақы төленіп отырады.

Қазіргі уақытта бала күтімімен отырған аналардың саны 387 мың.

"Еңбек министрлігі бала күтіміне берілетін жәрдемақыны өсіру туралы бастама көтергісі келеді. Бүгінде ол бала 1 жасқа толғанға дейін төленеді. Біз бала бір жарым немесе үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеуді созу мәселесін көтеріп, тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

КТК арнасының хабарлауынша, Еңбек министрлігінің екінші бастамасы – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қолдау.

Бүгінде ата-аналар мен қамқоршыларға мүгедек бала күтіміне жәрдемақы қарастырылғанымен, бала кезінен мүгедек емес бірінші топтағы ересек жарымжандарға көмек берілмейді екен.

"Біз мүгедектігі үшін күтімге жәрдемақы төлеу бастамасын көтермекпіз. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаға, сонымен қатар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек бала күтіміне жәрдемақылар төленеді. Бұл жерде туғаннан емес, бірінші топтағы ересек мүгедектер жайын айтып отырмыз. Олар да күтімді қажет етеді ғой. Сондықтан қосымша жәрдемақы енгізу дұрыс болар еді", - дейді Біржан Нұрымбетов.

Министр енді бұл ұсыныстарын үкіметте қорғап көрмек.

Еске сала кетейік, бұғанн дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қаңтардан бастап шарттары өзгерген атаулы әлеуметтік көмек қалай есептелетінін түсіндіріп берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839246-elimizde-bala-s-zaska-tolganga-dejin-zrdemaky-tlenui-mmkin/

pixel