RU

Алматы-Бішкек тас жолындағы арнайы операция видеоға түсірілді

Көп мөлшердегі есірткі тасымалдаған такси жолаушысын Алматы-Бішкек тас жолында тәртіп сақшылары ұстады. Арнайы операция таспаға түсірілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Арнайы операцияны Алматы облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Оларға патрульдік полиция инспекторлары көмектесті.

Бұл істің видеосын Polisia.kz ресми құқық қорғау ресурсы бөлісті.

Полицияның мәліметінше, ер адам Алматы-Бішкек тас жолында таксиге мінген.

Ол өзімен бірге 4,5 келіден астам марихуана мен 5,5 грамм гашиш алып жүрген.

Ұсталған азамат Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында оның осыған ұқсас қылмысы үшін соттталғаны белгілі болды.

Облыстық полиция қазір күдіктіге "есірткіні заңсыз пайдалану" бабы бойынша айып тағылатынын жеткізді.

Жамбыл облысының тұрғыны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ол адам уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда мектеп мұғалімі есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз.

Ол полиция қызметкерлеріне ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатыпты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839411-almaty-biskek-tas-zolyndagy-arnajy-operacia-videoga-tsirildi.html