Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда мұғалім есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталды

Опубликовано:

Қарағандыда мектеп мұғалімі есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Nv.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, тәртіп сақшылары тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды саудалағанын анықтаған.

Айыпталушы полиция қызметкерлеріне ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатыпты.

"Күдікті пайданы көздеп, тыйым салынған синтетикалық есірткі сатқан. Жеткізушіні Telegram мессенджерінің көмегімен іздестіріпті. Тауарды пошта арқылы салып жіберіп отырған", - делінген ведомство хабарламасында.

Айыпталушының тыйым салынған саудамен қандай орындар да айналысқаны белгілі болды.

"Сарапшылардың және куәгерлердің көмегімен күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда оның заңсыз жолмен тапқан табысы жұмысына қатысы болмаған. Күдікті есірткіні мектептен тыс жерде сатты", - делінген мәтінде.

Әріптестері айыпталушының жақсы адам болғанын, мықты маман екенін білдірген.

Соған қарамастан Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836026-karagandyda-mgalim-esirtki-satkany-sin-11-zylga-sottaldy/

pixel