Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сайқал екенсің": Пәк болмағаны үшін алып қашқан жігіті бас тартқан ару мұңын шақты

Опубликовано:

Мектеп оқығанда жол апатына түсіп, ауыр жарақат алған 24 жастағы ару жан сырын ақтарды. Ақ халаттылардан "пәк емессің" деген сөзді естіген ол абыройын аяққа таптатпағанына сенімді. Бірақ ары таза болса да, ой шырмауына түскен бойжеткен жігітпен көңіл қосудан қорқып жүрген. Ақырында кездескен үш жігіті де шындықты білген соң үйленуден бас тартыпты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасы" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен пәктігі жоқ болған соң студент кезінде жігітпен де жүрмеген. Бірақ күндердің күнінде оны 3-курс оқитын жігіт көлігіне салып, алып қашып кетіпті.

"Маған "Сені сүйемін. Сені үйіме алып барамын" деді. Мен айғау-шу шығардым, пəктігім жоқ екенін білсе əке-шешем жұртқа масқара боламын деп ойладым. Көлікті жалынып жатып жарты жолда тоқтаттым. Оған бəрін түсіндірдім. Бірақ ол түсінеді деген ойым қате болып шықты. Ол сол көлікті айдалаға апарып маған күш көрсетті. Жан-айқайымды ешкім естімеді. Қорыққанымнан талып қалыппын.
Есімді жинасам, көліктің ішінде жатырмын, барлық жерім ауырып тұр. "Не істедің" десем, "пəктігіңді тексердім, шынымен жоқ екен, оқуда періштедей пəк боп жүргеніңе саған ойым кетіп еді, сөйтсем сайқал екенсің" деп өмірден түңілдіріп жіберді",- дейді бойжеткен.

Содан бері өзін жек көріп кеткен қыз талай рет суицид жасамақ болған. Әке-шешесінің абыройын ойлаған аруға психолог та көмектеспепті.

"Сонымен уақыт өте берді. Мектеп кезден сезімін білдіріп жүретін бір жігіт бар еді. 3-курсқа өткенімде үйленуге ұсыныс жасады. Мені шынымен сүйді деп ойладым. Себебі, 6 жылдай өзгемен жүрмей, тек мені жақсы көрді. Ол түсінер деп басымнан өткенді айтып бердім. Ол да "əркіммен жатып алып, енді маған жылап тұрсың ба" деп сөздермен қорлап тастады. Содан 2 ай өтпей тағы бір жігіт сезім білдірді.
Оған да шындықты айтамын деп тұрғанда ол "сен ешқандай жігітпен жүрмеген пəк қызсың, үйіме адал қып алып барғым келеді" деп үмітімді қайта сөндірді. Намазхан жігіт еді. Одан сол кезде бас тарттым",- дейді ару.

Нәзік жанды өзіне кездескен серілердің барлығы пік қыз іздейтінін айтады. Ол, тіпті, шындығын айтуға қорқып қалыпты.

"Алдап, жасанды қыздық салдырып, тұрмысқа шыққым келмейді. Өзімді ешкімге керексіз сезінемін. Жұмыспен ғана алданам. Əкем мен анам тұрмысқа шықпайсың ба деп сұрай береді. Мен біреуге тұрмысқа шығып, неке түні бəріне масқара болудан, əке-шешемнің абыройы төгілуінен қорқамын. Сөйтіп жүріп 24 ке келдім. Жігіттер қауымынан әбден көңілім қалды.
Пəк қызды алғысы келетіндігі дұрыс-ау, алайда мені неше түрлі жүргіш қыздарға ұқсататыны жаныма қатты батады. "Сұлулығын сатып, тұрмысқа шығатын кезде жасанды қыздық салдырамын" деген қыздарды да көргенмін. Бірақ олар сияқты өмірімді өтіріктен бастағым келмейді",- деп күйінді бикеш.

Жеті жылдың ішінде бойжеткенге біраз жігіт тұрмысқа шығу жайлы ұсыныс тастапты. Алғашқы үшеуіне шындығын айтып, ауыр сөздер есітіген ол кейіннен ешкімге тіс жармаған екен. Ал ата-анасына "ешкім ұнамайды" деген сылтау айтатын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда жас жұбайлар отау құрған соң төрт күннен кейін ажырасып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839449-sajkal-ekensi-pk-bolmagany-sin-alyp-kaskan-zigiti-bas-tartkan-aru-myn-sakty/

pixel