Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ашулымын": Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы қара түсті қар туралы айтты

Опубликовано:

Жақында Теміртау қаласының тұрғындары қаладағы экологиялық жағдайға шағымын жеткізген. Олар жергілікті биліктен әлеуметтік желілерде қара түсті қар бейнеленген суреттер мен видеолардың таралуын түсіндіруді сұрады. Осыған байланысты Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы

Фото: karaganda-region.gov.kz
Фото: karaganda-region.gov.kz: UGC

Облыстық әкімдіктің сайтында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Теміртауда қала әкімінің жергілікті тұрғындармен дәстүрлі кездесуі өткен. Оған өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты.

Ол жиын барысында экологиялық жағдайды жақсарту туралы өз ұстанымын айтты.

"Мен әрдайым жағдайды қадағалап, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды бақылап отырамын. Және де бұл мәселені шешуде мен табандылы танытпақпын. Меніңше Теміртау экологиясына байланысты мәселелердің басым бөлігін біз "АрселорМиттал Теміртау" жоспарында көзделіп отырғандай 2024 жылға дейін созбай, ертерек шеше аламыз деп ойлаймын.
Бүгін, есеп беру кездесуінің алдында, мен қаланы арнайы аралап шықтым, өз көзіммен ластанған қарды көрдім. Әрине, мен де сіздер сияқты оған ашулымын, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол қала тұрғындарына "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2024-2025 жылға дейінгі экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жоспары бар екенін еске салды.

Алайда, аймақ басшысының пікірінше, бұл шаралар жеткіліксіз.

"Ал Теміртаудағы ластанудың 80%-ы металлургия комбинатынан шығад", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қазір облыс билігі, компания әкімшілігі мен энергетика министрлігі комбинатты табиғи газға көшіру мүмкіндігін талқылауда.

Бұл Теміртаудың экологиялық проблемасын түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңғы күні Теміртауда қара түсті қар жауған. Осыған байланысты Қазақстанның экология министрі Мағзұм Мырзағалиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839493-asulymyn-zeis-kasymbek-temirtaudagy-kara-tsti-kar-turaly-ajtty/

pixel