RU

Депутат сабақ кезінде оқушыларға смартфон мен планшет қолдануға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Майра Айсина мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфон мен планшетті пайдалануға тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

депуа
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Майра Айсинаның айтуынша, смартфондар мен планшетке тәуелділік, онлайн ойындарға әуестік балалардың ойлау қабілетіне зиян келтіріп, бас сүйегі-ми жарақатынан кейінгі жағдайға ұқсас өзгеріске әкеп соғады.

Мәжіліс депутатының сөзінше, Германия, Франция және басқа да көптеген елде, соның ішінде посткеңестік кеңістіктегі елдердің оқу мекемелерінде гаджет пайдалануға тыйым салынған.

"Бұл мәселе біздің мүдделі министрліктер мен ведомстволардан қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жүргізуді, "Балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заңның тиімді жүзеге асырылуын талап етеді", - деді халық қалаулысы.

Мәжілісмен үкімет интернетте балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін және ақпаратты сүзгіден өткізу үшін қосымша жүйелі шаралар қабылдауы қажет екенін де айтты.

"Жұмыс және демалыс күндері 16 жасқа дейінгі балалар үшін онлайн ойын ойнау уақытын шектеу мүмкіндігін зерделеу керек. Жұмыс күндері интернет-кафелерде балаларға видео ойындар ойнауға, мектептерде сабақ кезінде смартфон мен планшеттерді пайдалануға тыйым салу керек", - деді депутат.

Айта кетсек, бұған дейін мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қазақстандық әйелдерге күйеуінің келісімінсіз түсік жасатуға тыйым салуды ұсынған еді.

Оның пікірінше, Денсаулық сақтау кодексі жобасының екі бабы Неке және отбасы кодексіне қайшы келеді және Қазақстан халқының дәстүрлерін бұзады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839580-deptutat-sabak-kezinde-okusylarga-smartfon-men-planset-koldanuga-tyjym-saludy-syndy.html