Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбул әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (фото)

Опубликовано:

Cтамбулда Сабиха Гёкчен атындағы Халықаралық әуежайда ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: "Анадолы" агенттігі
Фото: "Анадолы" агенттігі: Twitter

Анықталғандай, Pegasus әуе компаниясына тиесілі әуе кемесі Измир- Стамбул бағытында рейс жасаған. Қонған соң лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медициналық бригада тартылды.

Өртке қарсы күрескерлер ұшақ бортында пайда болған өртті ауыздықтады. Жолаушылар эвакуацияланып жатыр.

Оқиға орнында түсірілген кадрларға қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.

Фото: "Анадолы" агенттігі
Фото: "Анадолы" агенттігі: Instagram

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, өрт салдарынан қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендер бар. Бұл жайында Түркия көлік және инфрақұрылым министрі Джахит Турхан мәлімдеді.

Сабиха Гёкчен әуежайына қонуы керек болған ұшақтар "Стамбул" әуежайына бағыт алып жатыр. Turkish Airlines әуе компаниясында хабарлағандай, төтенше жағдайға байланысты ұлттық әуе тасымалдаушы Сабиха Гёкчен әуежайына барлық рейстерді тоқтатты.

Фото: "Анадолы" агенттігі
Фото: "Анадолы" агенттігі: Instagram

Стамбул губернаторы Али Ерликайдың мәліметінше, төтенше оқиға жергілікті уақыт бойынша 19:40-та орын алған. Апаттан кейін 52 адам ауруханаға жеткізілді. Ал бортта 171 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған.

Торонто-Ямайка бағытында ұшпақ болған канадалық WestJet әуекомпаниясының ұшағы жолаушының әзіліне бола әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Анықталғандай, ол өзінің 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғаны туралы айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839627-stambul-uezajynda-zolausylar-sagy-apatka-syrady-foto/

pixel