Выйти
RU

Менің бақытым - сенсің: Зеленский әйеліне жүрекжарды жазба арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский сүйікті жары Елена Зеленскаяны туған күнімен ерекше құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Менің бақытым - ол сенсің: Владимир Зеленский әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

Фото: instagram.com/zelenskiy_official / instagram.com/olenazelenska_official

Зеленский ерекше құттықтауын Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы жолдаған.

"Сүю. Тамсану. Мақтаныш ету. Балаларымыздың көзінен сенің бейнеңді көру. Сенің қамқорлығың мен қолдауыңды сезіну. Сенің әрқашан жанымда екеніңді біліп, сабырлы әрі сенімді болу. Сенің жағымды не жағымсыз жаңалықтарды қалай қабылдайтыныңды болжау.
Алғашқы көрісу секілді үйдегі кездесуді күту. Сөзбен жеткізу артық болған кезде көзқараспен айту. Бірге күліп, мұңаю. Бір минутқа да байланысты жоғалтпай, қол ұстасып бірге жүру. Адамның бақыты деген осы. Қалай болғанда да мен үшін. Өйткені менің бақытым - ол сенсің.
Туған күніңмен, сүйіктім! Әр сөзің және әр көзқарасың үшін рахмет. Екеуіміз бірге жасаған әр қадамымыз үшін. Біз әлі көп нәрседен өтуіміз керек. Алда күтпеген бұрылыстарымен, ұмытылмас әсерлерімен ұзақ жол тұр. Мен осыған бақыттымын. Өйткені мен сенімен әлемдегінің бәрін жасай аламын", - деді Владимир Зеленский.

Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Зеленский ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, әжесінің Алматыда тұрғанын айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Менің бақытым - сенсің: Зеленский әйеліне жүрекжарды жазба арнады