RU

БҚО-да Қорғаныс министрлігі полковнигінің ұсталуына қатысты тың ақпарат шықты

Орал тергеу соты полковник Марат Есеновті екі айға тұтқындады. Ол қарамағындағы қызметкерден пара алды деп күдіктеліп отыр. Жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталуына қатысты тың ақпарат пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Есенов. "Надежда" газеті, жедел түсірілімнен кадрлар
Марат Есенов. "Надежда" газеті, жедел түсірілімнен кадрлар: UGC

Сотта қатаң бұлтартпау шарасы жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып таңдалғанын хабарлады.

Облыстық қорғаныс ведомствосының басшысы бостандықта жүріп, өз қарамағындағы қызметкерлер болып табылатын куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін. Осылайша, оның объективті тергеуге кедергі келтіруі ықтимал.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот алды тергеу жұмысына қоластындағы қызметкердің арызы негіз болғанын мәлімдеді.

"Үшінші және төртінші ақпан күні ол өз қарамағындағы қызметкерден 200 мың теңге сомасында пара алған. Қаражаттың 100 мыңы қолма-қол берілсе, қалған бөлігі күдіктінің банк картасына аудару арқылы жіберілген", -деді Батыс Қазақстан облысындағы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті басшысының орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Сондай-ақ, параның қоластындағы қызметкердің қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімнен департамент бөлімі бастығы қызметіне ауысуы үшін берілгені де мәлім болды.

Жемқорлықпен күрескерлердің ақпарынша, соңғы жылы БҚО-да 138 жемқорлық қылмыс тіркелген, оның ішінде 49-ы пара беру фактілері.

Айта кетейік, аталған полковник күні кеше құрықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839792-bko-da-korganys-ministrligi-polkovnigini-staluyna-katysty-ty-akparat-belgili-boldy.html