RU
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 636-ға жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 636-ға жетті

Рассказать Вконтакте

Қытайда елді жайлаған қатерлі коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат көңіл қуантпайды. Ақ халаттылар бір ай көлемінде жаңа дерттің шипасын іздеумен келеді. Әзірге нәтиже жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Geovien so/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Фото: Geovien so/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Соңғы есептеулерге қарағанда, ҚХР аумағында қауіпті вирустан 636 науқас көз жұмған. Ал өлімге әкеп соғатын дертке шалдыққандар саны 31 161 адамға жеткен.

Елде вирустан құлан-таза айығып кеткендер де бар. Олардың саны 1540.

Бір күн бұрын көз жұмғандар саны 563 науқас еді. Ал вирус жұқтырғандар 28 мың адам болған.

Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет ақпарынша, ауырғандардың ішінде 4821 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, коронавирустың өршуі туралы бірінші болып мәлімдеген адамдардың бірі, Ухань қаласының дәрігері Ли Вэньлян аталған дерттен көз жұмды. Қатерлі вирус жайлы алғашқылардың бірі болып ескерткен оған басында қауесет таратты деген айып тағылған еді.

Белгілі болғандай, өткен жылы 30 желтоқсанда дәрігер науқастың медициналық қорытындысын зерттеп, WeChat әлеуметтік желісіндегі топтар арқылы әріптестеріне қатерлі дертті жұқтырудың жеті оқиғасы расталғанын хабарлаған.

Ақпаратты жариялаған соң оған полиция келіп, "қоғамдық тәртіпті бұзатын жалған ақпарат таратқаны үшін" айыптап, ескерту жасаған.

Дәрігердің өзі коронавирусты 10 қаңтарда жұқтырған екен. Сол кезде қатты жөтел пайда болып, қызуы көтерілген. Кейіннен оны жансақтау бөліміне жатқызған. Ақырында ақ халатты жан тәсілім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel