RU
Круизді лайнердегі коронавирус: Ауру жұқтырғандар саны үш есеге артты

Круизді лайнердегі коронавирус: Ауру жұқтырғандар саны үш есеге артты

Рассказать Вконтакте

Жаңа қытайлық вирус жұқтырған круизді лайнер жолаушыларының саны үш есеге артты. Осыған дейін қауіпті дертке тек 20 адам шалдыққаны хабарланған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

Қазіргі уақытта Жапония жағалауында тұрған круизді лайнерде коронавирус жұқтырғандардың саны үш есеге көбейді. Осылайша, қатерлі пневмонияға 61 адам шалдықты деп жазады NHK.

Айта кетейік, осыған дейін 3700 жолаушысы бар круизді лайнер бортында 10 адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болған еді.

Алдын-ала ақпарат бойынша, вирусты Гонконгтан отырған 80 жастағы ер адам таратуы мүмкін деген болжам бар.

Экипаж бен жолаушылар қазір карантинде. Ал кеменің өзі Жапония жағалауында тұр. Билік кемедегі адамдардың екі апта бойы сол лайнерде карантинде болғанын қалайды.

Кейінірек круизді лайнерде карантинге жатқызылған жолаушы борттағы өмірі жайлы айтты. Оның сөзінше, кемеде ешкімге есік ашпау керек, дәлізде жүруге де болмайды.

Айта кетейік, Қытайда елді жайлаған қатерлі коронавирустан қайтыс болғандар жайлы ақпарат көңіл қуантпайды. Ақ халаттылар бір ай көлемінде жаңа дерттің шипасын іздеумен келеді. Әзірге нәтиже жоқ.

Соңғы есептеулерге қарағанда, ҚХР аумағында қауіпті вирустан 636 науқас көз жұмған. Ал өлімге әкеп соғатын дертке шалдыққандар саны 31 161 адамға жеткен.

Елде вирустан құлан-таза айығып кеткендер де бар. Олардың саны 1540.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel