Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыр соңымнан қалмады": 45 жастағы көршісіне ғашық болған ару сырын ашты

Опубликовано:

45 жастағы отбасылы көршісінің өзінде сезімі бар екенін айтқан бойжеткен мұңын шақты. О баста ересек адамның көңіл білдіріп, артынан қалмағанын ұнатпаған ару қысқа мерзімде оған ессіз ғашық болғанын қалғанын да жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алаш айнасы басылымына сілтеме жасап.

бір оқиға жаздым да
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Бір күні дүкенге кіріп кеткен інімді күтіп есік алдында отырғанымда қасыма жақындап сөзге тартты. Келесі бірде есік алдынан көлікпен жылжып бара жатып, жұмысыма дейін "ала кетейін" деп ұсыныс жасады. Оған да қарсы болмағам.

Келесі күні жұмыстан қайтып келе жатқанымда, жолымды тосып тұрып телефон нөмірімді сұрады. Ізетті, сыпайы адам болған соң телефон нөмірімді де бергем. Кейін хабарласып «ғашық екенін, еш зиян жасамайтынын, жай ішіне сыймай жатқан сезімін білдіргісі келетінін» естігенде тұрған орнымда құлап қала жаздадым", - дейді ол.

Содан кейін көршім аздап тынышталғандай болды. Бірақ алыстан балконнан, кейде көлік ішінен бақылап отырғанын байқап қаламын. Кейін оның да жанұясын бақылай бастадым. Әйелі, үш баласы бар екен. Жағдайлары жақсы секілді. Әйелі екі-үш жасар баласын есік алдында ойнатып жүргенін жиі көрем. Өткен жылы 7-наурыз мерекесінде қоңырау шалып, далаға шығуымды өтінді. Шығып едім, бір шоқ гүл мен сыйлық салынған қорапшаны қолыма ұстатты.

Алмаймын деп тартынып ем, "шын көңілден жасалған сыйлық" деді. Сонымен алдым. Үйге келіп қарасам қорапшада қолға тағатын алтын білезік екен. Таң қалдым. Қазір шынын айту керек жүріп жүрген жігіттердің өзі ондай сыйлық жасай бермейді. Одан бері жаңа жылды, туған күнімді, несиеге алған көлігімнің көрімдігі деп сылтауратып бірнеше рет қымбат сыйлық жасады. Тіпті қысқа шуба әперем деп еді, анам тергейтінін айтып бас тарттым. Жұмыс орныма гүл де жіберді. Есік алдына гүл іліп кетіп те жүр. Анама білдіртпей сыйлықтарын қабыл алып жүрмін", - деп жазды ол.

Жасы үлкен отбасылы адамның о баста бетін қайтарып жүрген бойжеткен енді өзінің оған деген сезімі пайда болғанын түсінген. Айтуынша, ол ер адамды күндіз-түні ойлайды екен.

"Соңғы кездері шын ғашық бола бастағандаймын. Күні түні соны ойлаймын. "Отбасымды тастап кете алмаймын, ішкі сезімімді игеру де қиынға түсіп жүр, еш жамандық жасамаймын, жай ғана сыйлығымды қабыл ал. Саған сыйлық жасаған ұнайды" дейді. Айтпақшы өткенде кафеде кездесіп, тамақтанып, кешке бірге қайтқанбыз. Еш артық қимыл көрсетпеді. Тіпті таң қалдым. Осы уақытқа дейін жүрген жігіттер ғашықтығын айтар айтпастан бас салатын", - дейді ол.

Арудың сөзінше, ол көршісін отбасынан айыруды, тіпті, ойламайды екен. Алайда даусын естіп, бір көруге құлшынып тұрады.

"26-ға жеткенше шынайы ғашық болып та көрмеген екенмін. Бұрын есіл дертім жұмысымды дұрыс атқару, анамды қуанту болатын. Қазір өзімнің бойжеткенімді сезініп, тартымды көрінуге тырысам, әдемі болуға ұмтылам. Осы уақытқа дейін мұндай сезім басымнан өтпеп еді. Оны бір көріп қалу үшін үйге қайтуға асығып тұратын болдым. Оны отбасынан айырып алу да ойымда жоқ. Бір көрсем, дауысын подьезден бір естісем соған кәдімгідей бақыттымын.. Бірақ не істеймін? Соңы не болады, тәтті түсім қай жерден, қашан аяқталатынын ойлағым келмейді", - деп ағынапн жарылды ол.

Естеріңізге сала кетейік, күйеуінің досынан құтыла алмай жүрген әйел сырын ақтарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839882-kyr-soymnan-kalmady-45-zastagy-krsisine-gasyk-bolgan-aru-syryn-asty/

pixel