RU
Ақтауда қызыл түске боялған теңіз жағалауындағы су тұрғындарды шошытты (фото)

Ақтауда қызыл түске боялған теңіз жағалауындағы су тұрғындарды шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда Приморск ауылындағы теңіз суы қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда теңіз жағалауындағы су қызыл түске боялды

Фото: lada.kz

"Лада" басылымының мәліметінше, осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалыпты.

Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған. Олар балық үшін зиянсыз әрі қауіпсіз.

2018 жылы 1 шағын ауданның жағалауында, "Шағала" қонақ үйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі теңіз суы да қызыл түске боялған.

Экологтардың хабарлауынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған. Бұл табиғи процесс екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін теңіз түбінде тіршілік ететін құбыжықтар жайлы жазған едік.

Олардың суретімен Instagram парақшасына жарты миллионнан астам оқырманы бар Роман Федоров есімді балықшы бөліскен.

Әдетті көп адам біле бермейтін теңіз құжыбықтарының арасында кукумария, зубатка, тереңдегі қармақшы, теңіз кірпісі, жұмбақ псолус, теңіз анемондары және теңіз жұлдыздары сынды тіршілік иелері бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel