Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз түбінде тіршілік ететін құбыжықтар жайлы не білеміз

Опубликовано:

Роман Федоров есімді балықшы желіде ерекше суреттерімен танымал болуда. Ер адамның жеке парақшасынан балықтан бөлек көптеген адам сенгісіз теңіз құбыжықтарының суретін көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Су астындағы
Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Романның Instagram парақшасына жарты миллионнан астам адам жазылған. Оған әлемнің әр бұрышынан оқырмандары жазады.

Олар таңғажайып тіршілік иелеріннің суртімен бөлісетін ер адамға алғысын білдіруде.

Осы орайда KAZ.NUR.KZ балықшының қармағына ілінген теңіз құбыжықтарын назарыңызға ұсынады.

Кукумария - қою-қоңыр, қою-күлгін түске боялған. Денесі тығыз және су астында денесін одан әрі ұзарады. Кукумария етінен тағамдар жасалды.

Зубатка - сырттай жыланбалыққа ұқсағанымен, олармен ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ. Ол белсенді жыртқыш болып есептелмейді. Алдыңғы тістері үлкен, тіпті, иттің тістеріне ұқсайды. Ал тамақтанатын тістері аузының артқы бөлігінде орналасқан.

Тереңдегі қармақшы - су астындағы жыртқыш аң. Асқазаны айтарлықтай кеңейе алатын балық жануарлар өздерінен екі есе үлкен азықты әп-сәтте жұтып жейді. Оның асқазанында, жарық өткізбейтін мембрана бар. Ал азығы ешқайда қашып кетпеуі үшін оның тістері ауызының ішіне қарап өседі.

Теңіз кірпісі.

Теңіз кірпісінің денесі - әк қабыршағымен қапталған. Оған қозғалмалы инелер бекітіліп, теңіз астында қозғалуға, аң аулауға, шабуылдан қорғануға мүмкіндік береді. Егер теңіз кірпісін басып кетсеңіз, ол бірінеше ұсақ бөлкке бөлініп қалады.

Жұмбақ псолус - Атлант мұхитының солтүстік аудандарында 20-540 метр тереңдікте орналасқан әйгілі голотуриялар. Олар сары-қоңыр, кейде қара түсті болып келеді. Ұзындығы 15 см.

Теңіз анемондары - омыртқасыз жыртқыш жануарлар. Олардың ішек қуысы басты қызметті атқарады. Үстіңгі бөлігінде саңылау тәрізді ауыз бар. Ал оның жан-жағында улы қармауыштар орналасқан.

Теңіз жұлдыздары - әдемі әрі таңғаларлық су асты тұрғындары. Алайда олардың барлығы бірдей зиянсыз бола бермейді. Теңіз жұлдызы - омыртқасыз тікен терілілер типіне жататын жануар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830282-teiz-kbyzyktaryn-aulap-zrgen-balyksy-lemdi-tagaldyruda/

pixel