RU

Ыдырысова: 60-70 жастағы жолдастарымызды парламентке өткізбеу керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Келісу" кәсіби медиаторлар одағының директоры Сара Ыдырысова 60-70 жастағы депутаттарды парламентке өткізбеу мәселесін көтерді. Бұл туралы ол әділет министрлігінде саяси партиялар мен сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарау барысында айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: parlam.kz

Көрнекі фото: parlam.kz

Бүгінгі отырыста кандидаттардың жас ерекшелігіне қатысты түзету қызу талқыға түскен.

"Келісу" кәсіби медиаторлар одағының директоры Сара Ыдырысова өмірлік тәжірибесі бар кейбір депутаттардың ұйықтап отыратынын мәлімдеген.

"Қазір интернетте ондай видеолар көп. Біздің "ұлы" депутаттарымыз ұйықтап отырады. Меніңше, оларды толығымен жаңарту қажет. Сосын 60-70 жастағы жолдастарымызды парламентке өткізбеу керек. Енді, олардың арасында мықтылар да бар. Дегенмен, жасы келген адамдар, көп жағдайда, шаршап отырады, бай өмірлік тәжірибесі болса да, басқа нәрсемен айналысқаны дұрыс", - деді ол.

Ал әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы, экс-сенатор Серік Ақылбай кандидаттардың жас ерекшелігін 35 жасқа дейін көтеру керек деп санайды.

Айта кетейік, заң жобасы бойынша партиялық тізім бекітілгенде 29 жасқа дейінгі кандидаттар мен әйелдердің үлесі 30 проценттен кем болмауы тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында да дәл сондай талап сақталуы шарт. Алайда мандаттарды партияның өзі таратады.

"Мен өзім судья болдым, бұрынғы сенатормын. Мәжілісте, әсіресе, сенатта өмірлік тәжірибесі бар адамдар отыру тиіс. Неге біз 29 жасқа қадалып қалдық? Нақты негіз де жоқ. Осы мәселеге жүйелі түрде қарау қажет. Мәселен, мәжілісте отырған 29 жастағы бала халықпен кездесті дейік.
Ал оның барлық сұраққа жауап беруге тәжірибесі жете ме? Мен өзім 60 жасымда барлық сұраққа жауап бере алмадым. Меніңше, біздің заң шығару органымызды балабақшаға айналдыруға болмайды. Жас ерекшелігін 35 жасқа дейін көтерген дұрыс", - дейді Ақылбай.

Өткен жылдың соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында қолданыстағы саяси жүйені реформалауға бағытталған бірқатар ұсыныс жасаған болатын.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы "партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30% квотаны қарастыру және саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету қажет екенін мәлім еткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ыдырысова: 60-70 жастағы жолдастарымызды парламентке өткізбеу керек
Mailfire view pixel