Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жанжал: 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров Қордайдағы жанжалдан қайтыс болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Ол Төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау министрлігі қандай жұмыстар атқарып жатқанын түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Қамалжан Надыров
Фото: Facebook/ Қамалжан Надыров: Facebook

Вице-министр Facebook парақшасында Бердібек Сапарбаев басқаратын оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия президенттің тапсырмасымен Жамбыл облысына келгенін хабарлады.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта 170 адам медициналық қызметке жүгінген. Олардың көп бөлігі аздаған жарақатпен келген. Барлық азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда, медициналық мекемелерге оқ жарақаттарымен түскендер де жоқ емес.

"Жансақтау бөлімінде әлі де 14 адам (2- Қордайда, 12- Алматыда) жатыр. Олардың өмірі үшін тәулік бойы мықты мамандар күресуде. Өкінішке қарай, Қордай аудандық орталық ауруханасында жүргізілген жансақтау шараларына қарамастан, 2 адам қайтыс болды. Ал 8 адам оқиға орнында қаза тапты", - деп жазды Надыров.

Вице-министр зардап шеккендердің бір бөлігі Қырғыз Республикасы шекаралық клиникасына жүгінгенін айтады. Кейіннен қазақстандықтарды Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданыпты.

Қамалжан Надыров Төтенше жағдай кезінде аянбай еңбек етіп жатқан ақ халаттыларға алғыс білдірді. Бүгінде стационарларда 43 науқас (13- Қордайда, 1- Таразда, 25- Алматыда, 4- Қырғыз Республикасында) ем қабылдауда екен.

Аудандағы жағдай бірқалыпты, адамдар үйлеріне қайтып оралуда.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Бүгін Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Әлжан ана ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасына барып, көңіл айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840224-kordajdagy-zanzal-14-adam-zansaktau-bliminde-zatyr/

pixel