RU

ІІМ өртеніп кеткен Масанчидің қазіргі жағдайын көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қордай ауданында 7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні жаппай төбелес болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 10 адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Осыған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров Facebook парақшасында Бердібек Сапарбаев басқаратын оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия президенттің тапсырмасымен Жамбыл облысына келгенін хабарлаған еді.

Надыровтың сөзінше, қазіргі уақытта 170 адам медициналық қызметке жүгінген. Олардың көп бөлігі аздаған жарақатпен келіпті. Барлық азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген екен. Медициналық мекемелерге оқ жарақаттарымен түскендер де жоқ емес.

"Жансақтау бөлімінде әлі де 14 адам (2- Қордайда, 12- Алматыда) жатыр. Олардың өмірі үшін тәулік бойы мықты мамандар күресуде. Өкінішке қарай, Қордай аудандық орталық ауруханасында жүргізілген жансақтау шараларына қарамастан, 2 адам қайтыс болды. Ал 8 адам оқиға орнында қаза тапты", - деп жазды вице-министр.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды. Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Әлжан ана ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасына барып, көңіл айтты.

Ал Ішкі істер министрлігі өртеніп кеткен Масанчи ауылының қазір қандай жағдайда екенін көрсететін видео жариялады.

Айта кетейік, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 25 қылмыстық іс қозғалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ІІМ өртеніп кеткен Масанчидің қазіргі жағдайын көрсетті
Mailfire view pixel