Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Тұрғымбаевқа облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ааааа
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Instagram

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің Бас прокуроры президентке Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Мамин Тоқаевқа еліміздің 2020 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және инвестиция тарту мәселесіне орай қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берген.

Айта кетерлігі, бұған дейін мемлекет басшысы Қордайдағы ахуалға байланысты бірқатар шенеуніктерді қызметінен босатуды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840285-prezident-trgymbaevka-oblystagy-ahualdy-kata-bakylauga-aludy-tapsyrdy/