RU
Сапарбаев Қордайға неліктен техногенді сипаттағы төтенше жағдай енгізілгенін айтты

Сапарбаев Қордайға неліктен техногенді сипаттағы төтенше жағдай енгізілгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының жаңа басшысы Бердібек Сапарбаев бұрынғы әкім Асқар Мырзахметовтың Қордай ауданына техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сапарбаев Қордайда неліктен техногенді сипаттағы төтенше жағдай енгізілгенін айтты

Фото: primeminister.kz

БАҚ өкілдері мәжіліс сағатында Бердібек Сапарбаевтан жаппай тәртіпсіздік орын алған Қордай ауданындағы жанжал әлеуметтік сипатта болса да, неліктен техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын сұрады.

Сапарбаев өз кезегінде өңірдің бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметовтың мұндай шешімді бірнеше тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап, ауылда өрт болғандықтан қабылдағанын хабарлады.

Оның сөзінше, төтенше жағдайдың мұндай режимін енгізген соң, мұнда қираған тұрғын үйлер мен сауда нүктелері қалпына келтіріледі, сондай-ақ көшелер тазаланады.

"Мұнда әлеуметтік сипат жоқ. Барлық марқұмдардың отбасына, сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасыларға заңға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін болады", - деді Сапарбаев.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel